"Аталанта" – "Қайрат" матчына билет бағасы белгілі болды
Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур матчы 5 қарашада өтеді.
Италиялық La Gazzetta dello Sport басылымы Конференциялар лигасындағы "Аталанта" – "Қайрат" матчының билет бағаларын жариялады.
Кездесуге ең арзан билет 16 еуродан басталады. Бұл шамамен 8 мың теңге.
Билет бағасы 16 еуродан басталады
Стадиондағы басқа секторларға билет құны:
- 22 еуродан – шамамен 11 мың теңге;
- 38 еуродан – шамамен 19,3 мың теңге;
- Sky Box Sud және құрметті қонақтар секторына – кемінде 217 еуро, яғни шамамен 110 мың теңге.
Қазақстанда туған және/немесе Қазақстанда тұратын жанкүйерлерге арнайы шектеу қарастырылған. Олар билеттерді тек қонақтар секторына және "Қайраттың" сату арналары арқылы ғана сатып ала алады.
Матч 5 қарашада өтеді
Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур матчы 5 қарашада Бергамодағы New Balance Arena стадионында өтеді.
"Аталанта" – "Қайрат" кездесуі Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті:
Қайрат 2-орын