Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

Зарина Толыбай Черногорияның Будва қаласында өткен 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. 

Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті
Instagram/@boxingkazakhstan

Зарина Толыбай ресейлік қарсыласын жеңді

80 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте Зарина Толыбай ресейлік Самира Итониевамен алтын медаль үшін жұдырықтасты. Үш раундқа созылған тартысты кездесуде қазақстандық боксшы басымдық танытып, төрешілердің бөлек шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Әсіресе үшінші раундта Зарина қарсыласына дәл соққы дарытып, ресейлік боксшыны нокдаунға түсірді. Төреші Итониеваға есеп ашуға мәжбүр болды.

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Ал Самира Итониева күміс медальды қанағат тұтты.

Бокстан U-19 әлем чемпионаты туралы

World Boxing халықаралық федерациясының ұйымдастыруымен өткен 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионаты 16–27 қазан күндері Черногорияның Будва қаласында ұйымдастырылды.

Дүбірлі додаға 69 ұлттық федерациядан 474 боксшы қатысты. Қыздар арасындағы бәсекелер 10 салмақ дәрежесінде өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?