Қазақстан мен Ресей арасындағы ӘЧ финалы күтпеген нәтижемен аяқталды
Алина Құдайгенова Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Алина Құдайгенова 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ресейлік Анастасия Голуновамен жұдырықтасты. Әлем чемпионы атағы сарапқа салынған кездесу үш раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысында төрешілер бірауыздан ресейлік боксшының басымдығын мойындап, жеңісті 5:0 есебімен Голуноваға берді.
Осылайша Анастасия Голунова 2026 жылғы әлем чемпионы атанса, Алина Құдайгенова күміс медаль иеленді.
Қазақстандық бокшы бұған дейін турнир барысында қарсыластарын жеңіп, шешуші кезеңге дейін жеткен. Атап айтқанда, ширек финалда британиялықты 5:0 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алған еді.
Бұл туралы не ойлайсыз?