Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында көздеген нәтижеге жете алмады

Астанада күрестен әлем чемпионатында грек-рим күресі бойынша жарыстар аяқталды.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында көздеген нәтижеге жете алмады
instagram.com/kazwrestling_official/

Қазақстан неше медаль жеңіп алды?

"Барыс Аренада" ұйымдастырылған әлем чемпионатында грек-рим күресінің шеберлері төрт күн бойы жүлделерді сарапқа салды. Қонысбек Төкенов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы өз жанкүйерлерінің алдында үш қола медаль иеленді.

Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері:

Үш балуан да жүлделі орынға көтерілгенімен, ұлттық құрама өкілдерінің ешқайсысы финалға шыға алмады.

Қалған балуандар қалай өнер көрсетті?

Қазақстан құрамасының өзге жеті өкілі жүлдесіз қалды.

Мейрамбек Айнағұлов (63 келі) іріктеу кезеңінде жарыс жолынан шықты. Ал Алматбек Аманбек (72 келі), Мерей Мәулетқанов (77 келі) және Ислам Евлоев (97 келі) ширек финалда жеңіліс тапты. Ибрагим Магомадов (82 келі) пен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) жарысты 1/8 финалда аяқтады.

Ауыр салмақта белдескен Олжас Сырлыбай (130 келі) негізгі кезеңде жеңіліп, кейін жұбаныш белдесуінде де қарсыласынан басым түсе алмады.

Әлем чемпионатының медаль есебі

Грек-рим күресінен жалпыкомандалық медаль есебінде Иран құрамасы көш бастады. Олар төрт алтын, үш күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Екінші орынға екі алтын және бір күміс жүлдемен Әзербайжан жайғасты. Үздік үштікті бір алтын және екі қола медаль иеленген Беларусь құрамасы түйіндеді.

Осылайша Қазақстан құрамасы медальдар саны бойынша Грузиямен тең түсіп, алтын және күміс жүлделерге басымдық берілетін есепте 12-орынды бөлісті.

Жоспар неге орындалмады?

Әлем чемпионаты алдында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасына бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алу міндеті қойылған. Дегенмен жарыс қорытындысында ұлттық құрама тек үш қола жүлдемен шектелді. Медаль саны жоспарға сәйкес келгенімен, жүлделердің сапасы жағынан көзделген көрсеткіш орындалмады.

2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан грек-рим күресінен алтын медаль жеңіп алған еді. Ол кезде 60 келі салмақта Айдос Сұлтанғали әлем чемпионы атанған. 

Ал биыл Астанада өткен біріншілікте қазақстандық балуан чемпиондық атағын қорғай алмады. Дегенмен қола медаль иеленіп, әлем чемпионатының жүлдегерлері қатарынан тағы бір мәрте көрінді.

Бұл туралы не ойлайсыз?