"Ордабасы" Андрей Мартиннің болашағына қатысты шешім қабылдады
Шымкенттік "Ордабасы" ФК басшылығы команданың бас бапкері Андрей Мартинге қатысты түпкілікті шешімге келгені хабарланды.
Командада қалады ма?
Инсайдер Елдар Аманбаевтың мәліметінше, соңғы уақытта 52 жастағы маманның қызметінен кетуі мүмкін екені туралы ақпарат тараған. Бірақ шымкенттік клубтың басшылығы бапкерді ауыстыруды жоспарлап отырған жоқ.
"Андрей Мартин қызметінен кетуі мүмкін деген әңгімелерге қарамастан, "Ордабасының" бас бапкері болып қала береді. Клуб басшылығы 52 жастағы маманның орнына басқа үміткер іздемейді және команданы оның жетекшілігімен әрі қарай дамытуды көздеп отыр", – деп жазды инсайдер.
"Ордабасы" Қазақстан чемпионы атанды
Андрей Мартин шымкенттік клубтың бас бапкері қызметіне 2024 жылдың желтоқсанында ресми түрде тағайындалған. 2026 жылғы маусым молдовалық маман үшін табысты болды. Оның жетекшілігімен "Ордабасы" Қазақстан Премьер-лигасының чемпиондық атағын мерзімінен бұрын жеңіп алды.
Шымкенттік команда ҚПЛ-дың 29-турынан кейін басты қарсыласы алматылық "Қайрат" үшін қол жетпес ұпай айырмашылығын қалыптастырып, ел чемпионы атанды.
Енді Андрей Мартин шәкірттерінің алдында тағы бір маңызды міндет тұр. Шымкенттік клуб биылғы маусымды екі бірдей трофеймен аяқтауға мүмкіндік алды. 7 қараша күні Қазақстан кубогының финалында "Қайсармен" кездеседі.
Егер шымкенттіктер шешуші ойында жеңіске жетсе, бір маусымда Қазақстан чемпионаты мен ел кубогын қатар иелене алады.