Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Қайрат" қостанайлықтардың жұлдызды легионеріне көз тікті

Алматылық клуб "Тобылда" өнер көрсететін франциялық қорғаушы Пап-Альюн Ндиайені трансферлік нысанаға алды.

"Қайрат" қостанайлықтардың жұлдызды легионеріне көз тікті
instagram.com/fctobol

Тәжірибелі легионерге қызығушылық

ASnews.kz мәліметінше, алматылық клуб бас бапкер мәселесі толық шешілмегеніне қарамастан жаңа маусымға дайындықты бастап кеткен. "Сары-қаралардың" назарында "Тобылдың" орталық қорғаушысы Пап-Альюн Ндиайе бар. Франциялық футболшы 2024 жылдың басында қостанайлық командаға қосылған.

Айта кетейік, қорғаушының қазіргі келісімшарты маусым соңында аяқталуы мүмкін. Мұндай жағдайда ол еркін агент мәртебесін алып, басқа клубқа трансферлік өтемақысыз ауысуға мүмкіндік алады.

Әзірге "Қайрат" пен футболшы арасындағы келіссөздер немесе ықтимал трансфер жөнінде ресми ақпарат жарияланған жоқ.

"Қайратта" өзгеріс болды

Еске салайық, Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымын екінші орынмен аяқтаған "Қайратта" бапкерлер құрамына қатысты өзгерістер болды. Рафаэль Оразбахтин қызметінен кеткеннен кейін команданың бас бапкері міндетін уақытша атқару 34 жастағы Жора Арутюнянға жүктелді. Бұған дейін Арутюнян алматылық клубтың жастар командасын жаттықтырған.

Ндиайе биыл қалай ойнады?

Франциялық қорғаушы 2026 жылғы маусымда "Тобыл" сапында барлық турнирді қосқанда 30 кездесуге қатысты. Осы матчтарда екі нәтижелі пас беріп, командасының қорғаныс шебінде өнер көрсетті.

Ндиайенің бұған дейін Еуропа чемпионаттарында да тәжірибе жинағанын атап өткен жөн. Ол мансабында Италияның "Болонья" және Украинаның "Ворскла" клубтарының намысын қорғаған. Әзірге 28 жастағы легионердің келесі маусымда қай командада өнер көрсететіні белгісіз.

Бұл туралы не ойлайсыз?