Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Англияда Сәтпаевтың ойынына сын айтылды

Британдық Burnley Express басылымы қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың "Линкольн Ситиге" қарсы өткізген ойынына баға берді.

Англияда Сәтпаевтың ойынына сын айтылды
instagram/burnleyofficial

Журналист Мэтт Скрафтон футболшының өнеріне 10 балдан 4 қойды. Жақында "Бернли" сырт алаңда "Линкольн Ситиге" 1:4 есебімен жеңілді. Сәтпаев кездесуді негізгі құрамда бастап, 59-минутта алаңнан ауыстырылды.

"Қысқа бұрыштаманың айламен орындалған комбинациясына қатысқанын есептемегенде, оның басқа әрекеттерін есіме түсіре алмаймын. Бұл — әзірге оның "Бернли" сапындағы ең нашар ойыны", — деп жазды Скрафтон.

Сонымен қатар журналист бас бапкер Ники Хайеннің Сәтпаевты қорғаушы Оливер Соннемен алмастыру туралы шешімін сынға алды. Оның пікірінше, бұл шешімнің мәні болмаған.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев "Бернли" сапында лондондық "Челсиден" жалға алу шартымен өнер көрсетеді. 24 қазанда "Линкольн Ситимен" кездесудегі жеңілістен кейін "Бернлидің" бас бапкері Ники Хайен қызметінен босатылды. 

Команданың Чемпионшиптегі келесі кездесуі 31 қазанда өз алаңында "Портсмутқа" қарсы өтеді. БАҚ деректеріне сүйенсек, "Бернлиде" бас бапкер лауазымына "Ливерпуль" сапында өнер көрсеткен Стивен Джеррард басты фаворитке айналған.

Бұл туралы не ойлайсыз?