Асу Алмабаев маңызды жекпе-жек алдында Қатарға аттанды
Жекпе-жек 21 қарашада UFC Qatar турнирі, яғни UFC Fight Night 294 аясында өтеді.
UFC-дің ең жеңіл салмағында өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаев жапониялық Кёдзи Хоригутиге қарсы жекпе-жек алдындағы соңғы дайындық кезеңін өткізу үшін Қатарға ұшты.
Спортшының Дохаға аттанған сәтінен видеоны оның командасы Dar Team Instagram парақшасында жариялады.
Соңғы оқу-жаттығу жиыны Қатарда өтеді
Алмабаев Хоригутиге қарсы кездесуге дейінгі қорытынды жаттығу жиынын Қатарда өткізеді.
Жекпе-жек 21 қарашада UFC Qatar турнирі, яғни UFC Fight Night 294 аясында өтеді.
Қарсыласы – Rizin және Bellator-дың бұрынғы чемпионы
Кёдзи Хоригути – тәжірибелі жапониялық файтер. Ол бұған дейін Rizin және Bellator лигаларында чемпиондық атақ иеленген.
Қазіргі таңда Хоригути UFC-дің ең жеңіл салмақ рейтингінде жетінші орында тұр.
Ал Асу Алмабаев дивизион рейтингінде алтыншы сатыда орналасқан.