"Тараз" клубы футболшылар алдындағы қарызы туралы мәлімдеме жасады
"Тараз" қазіргі таңда Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында ойнайды.
"Тараз" футбол клубы ойыншылардың жалақысы мен клубтың қаржылық міндеттемелеріне қатысты тараған ақпаратқа ресми түсініктеме берді.
Клубтың баспасөз қызметі футболшылар алдында берешек бар деген мәліметті жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желілерде футболшылардың жалақысы мен клубтың қаржылық міндеттемелеріне қатысты тараған жарияланымдарға байланысты мәлімдейміз: келісімшарттардың жекелеген үзінділері нақты төлемдер мен қаржыландыру көздері туралы толық ақпарат бермейді. Клуб міндеттемелерін бағалау кезінде бюджет және демеушілік қаражатты ажыратып, тексерілген деректерге сүйену қажет", – делінген клуб мәлімдемесінде.
"Тараз" Бірінші лигада өнер көрсетеді
"Тараз" қазіргі таңда Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында ойнайды.
Маусым қорытындысы бойынша тараздық клуб алтыншы орын алды. Команда жоғары дивизионға шығу міндетін орындай алмады.