Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Саматәлі Төлтаев WBA Asia чемпионы атанды

Саматәлі Төлтаев Ақтөбеде кәсіпқой бокс кешінде жеңіл салмақтағы WBA Asia чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Саматәлі Төлтаев WBA Asia чемпионы атанды
Instagram/@toltayevsamatali

Корралесті төрешілер шешімімен жеңді

Бокс кешінің басты жекпе-жектерінің бірінде жеңіліп көрмеген қазақстандық панамалық Хесреэль Корралеспен жұдырықтасты. Қарсыластар жеңіл салмақтағы бос тұрған WBA Asia титулын сарапқа салды.

Он раундқа жоспарланған кездесу толық қашықтыққа созылды. Қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңісті Төлтаевқа берді.

Сөйтіп қазақстандық кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісіне жетіп, WBA ұйымының аймақтық чемпиондық белбеуін иеленді. Оның еншісінде тоғыз жеңіс бар, төртеуі нокаутпен аяқталған. Ал Корралес мансабындағы тоғызыншы жеңілісіне ұшырады.

2026 жылғы үшінші жеңісі

Ақтөбедегі кездесу Төлтаевтың биылғы үшінші жекпе-жегі болды. Бұған дейін ол сәуірде вьетнамдық Хон Кван Динді жеңді, ал шілдеде филиппиндік Гэри Тамайодан басым түсті.

Корралесті де ұтқан Саматали Төлтаев 2026 жылғы үш кездесуін де жеңіспен аяқтап, жеңіліссіз сериясын жалғастырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?