Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Санатәлі Төлтаев Ақтөбеде екі аймақтық белбеудің бұрынғы иегерін жеңді

Қазақстандық боксшы Ақтөбедегі кәсіпқой бокс кешінде армениялық Петрос Ананяннан басым түсті. 

Санатәлі Төлтаев Ақтөбеде екі аймақтық белбеудің бұрынғы иегерін жеңді
instagram/@sanatali_toltayev

Төлтаев бесінші жеңісіне жетті

Бірінші жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланды. Кездесу толық қашықтыққа созылып, қорытындысында төрешілердің барлығы жеңісті қазақ боксшысына берді.

Санатәлі Төлтаев кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісін тіркеді. Оның еншісінде бір жеңіліс бар, ал екі кездесуін нокаутпен аяқтаған.

Петрос Ананян мансабында бесінші рет жеңілді. Армениялық боксшы бұған дейін 18 рет жеңіске жетіп, екі жекпе-жегін тең аяқтаған. Тоғыз қарсыласын нокаутқа түсірген. 

Төлтаевтың қарсыласы бұған дейін IBF International және WBA Continental Americas титулдарын жеңіп алған.

Басты жекпе-жекте WBA Asia титулы сарапқа салынады

Ақтөбедегі бокс кешінің басты кездесуінде Армат Арманұлы мен угандалық Шадири Бвоги орта салмақтағы WBA Asia чемпионы атағына таласады.

Арманұлының көрсеткіші — жеті жеңіс, бір жеңіліс және төрт нокаут. Бвоги 11 кездесуінде жеңіске жетіп, бір рет ұтылған, бес қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген.

Бұл туралы не ойлайсыз?