Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бек Нұрмағанбет әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Кеше ғана Ққазақстандық боксшы Эр-Риядта өткен жекпе-жектің бірінші раундта қарсыласы Маркос Родригесті нокаутқа түсірген болатын. 

Бек Нұрмағанбет әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Offside.kz

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (17-0, 15 КО) Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінде мексикалық Маркос Васкес Родригесті (21-4-1, 10 КО) бірінші раундта нокаутқа түсіргеннен кейін күтпеген мәлімдеме жасады.

28 жастағы қазақстандық жекпе-жектен кейін екінші орта салмақтағы IBF чемпионы Ослейс Иглесиаспен жұдырықтасқысы келетінін ашық айтып, оны жекпе-жек шақырды.

"Әрине, мен үлкен жекпе-жектерді қалаймын. Қазір IBF рейтингінде тоғызыншы орындамын. IBF чемпионы – кубалық Иглесиас. Мен сол жекпе-жекті қалаймын. Оған: "Менің белбеуімді сақтап тұр. Мен сен үшін келемін", – дегім келеді", – деді Нұрмағанбет.

Иглесиас – IBF чемпионы

Екінші орта салмақтағы IBF чемпиондық белбеуі қазір кубалық Ослейс Иглесиасқа тиесілі. Ол 9 сәуірде Канаданың Монреаль қаласында ресейлік Павел Силягинді сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, бос тұрған титулды иеленді.

Қазан айында "Торнадо" лақап атымен танымал Иглесиас белбеуін сәтті қорғап, даниялық Оливер Заренді мерзімінен бұрын жеңді.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет Эр-Риядтағы ірі бокс кешінде Сауль "Канело" Альварес – Кристиан Мбилли жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсетті.

Қазақстандық боксшы бірінші раундтың аяқталуына шамамен бір минут қалғанда Родригесті нокдаунға түсірді. Ал раундтың соңына санаулы секунд қалғанда сол қолымен дәл соққы жасап, қарсыласын нокаутқа жіберді.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?