ҚПЛ-2026 үздік сұрмергені белгілі болды
Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында ең көп гол соққан футболшы анықталды.
Йонсен сұрмергендер жарысында топ жарды
Шымкенттік клубтың норвегиялық легионері Бьорн Йонсен биылғы чемпионатта қарсыластар қақпасына 14 гол соғып, нәтижелі шабуылшылар тізімінде бірінші орынға ие болды.
Оның басты бәсекелестері – алматылық "Қайраттың" испаниялық шабуылшысы Марк Гуаль мен Қостанайдың "Тобылында" өнер көрсететін сербиялық футболшы Урош Милованович. Екі ойыншы да маусым барысында 12 голдан соқты.
Осылайша Йонсен ең жақын қарсыластарын екі голға артта қалдырып, ҚПЛ-2026 маусымының үздік сұрмергені атанды.
ҚПЛ-2026: үздік бес сұрмерген
Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша ең нәтижелі футболшылар тізімі төмендегідей:
- Бьорн Йонсен ("Ордабасы") – 14 гол
- Марк Гуаль ("Қайрат") – 12 гол
- Урош Милованович ("Тобыл") – 12 гол
- Марин Томасов ("Астана") – 11 гол
- Эдмилсон ("Қайрат") – 10 гол
Елордалық "Астананың" хорватиялық жартылай қорғаушысы Марин Томасов 11 голмен үздік бестікке енді. Ал "Қайраттың" бразилиялық ойыншысы Эдмилсон маусымды 10 голмен аяқтады.
"Ордабасы" Қазақстан чемпионы атанды
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымы 30-тур ойындарымен мәресіне жетті. "Ордабасы" 68 ұпай жинап, ел чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Команда басты қарсыласы алматылық "Қайраттан" үш ұпайға озып кетті.
Ал 54 ұпай еншілеген елордалық "Астана" үздік үштікті түйіндеп, чемпионаттың қола жүлдегері атанды.