Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қуат Хамитовқа бонус беруден бас тартып, шарт қойды

Қуат Хамитов Душанбе қаласында өткен ACA 209 турнирінде ресейлік Алексей Махномен кездесті.

Қуат Хамитовқа бонус беруден бас тартып, шарт қойды
sports24.kz

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов ACA 209 турниріндегі жеңісінен кейін бонусқа үміткер болғанымен, лига басшылығы оған төлем жасау үшін арнайы шарт қойды.

ACA президенті Магомед Бибулатовтың айтуынша, Хамитов бонусты тек промоушенмен келісімшартқа отырған жағдайда алады.

Бибулатов бұл мәселені баспасөз мәслихатында түсіндірді.

"Бонусқа қатысты бір талап бар: егер файтер ACA-мен келісімшартта болмаса, оған бонус төленбейді. Бірақ келісімшартқа қол қойса, бонусын жібереміз. Қуат Хамитов негізгі бонусқа ие болады. Ол да әзірге ACA-мен келісімшартқа отырмаған. Сондықтан келісімге қол қойса, бонусын алады", – деді Бибулатов.

Осылайша, Хамитовтың қосымша сыйақы алуы енді оның ACA-мен келісімшарт жасасуына байланысты.

Хамитов Махноны мерзімінен бұрын жеңді

Қуат Хамитов Душанбе қаласында өткен ACA 209 турнирінде ресейлік Алексей Махномен кездесті.

Қазақстандық файтер жекпе-жекті екінші раундта техникалық нокаутпен аяқтап, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айқастан кейін "Найман" октагонға Қазақстан футбол құрамасының формасын алып шығып, отандық футболдағы үлкен бюджеттер мен халықаралық деңгейдегі нәтижелердің арақатынасына қатысты сыни ойын білдірді.

Бұл туралы не ойлайсыз?