Төрехан Сабырхан Азиада жартылай финалына нокаутпен шықты
Қазақстандық боксшы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында кемінде қола медаль иегері атанады.
Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Ирактан келген Али Касим Хамдан Әл-Сарраймен кездесті. Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жартылай финалға жолдама алды.
Төрехан турнирдегі бастапқы кездесуінде қатарлық Мохаммед Дбичиді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңген еді. Сол жекпе-жекте қарсыласын нокдаунға жіберді.
Төрехан Сабырхан — 2025 жылы Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатының алтын жүлдегері. Енді ол құрлықтық ойындардың жартылай финалында өзбекстандық Шавкатжон Болтаевпен қолғап түйістіреді. Өз кезегінде Болтаев 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында қытайлық Ли Гуофэнді 5:0 есебімен жеңді.