Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық балуан ірі есеппен жеңілсе де, жүлдеге қол жеткізді

Жартылай финалда отандасымыз өзбекстандық қарсыласына 0:10 есебімен жеңіліп қалды. 

Қазақстандық балуан ірі есеппен жеңілсе де, жүлдеге қол жеткізді
olympic.kz

Қазақстандық балуан Әділет Ахметғали Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында қазақстандық спортшы Өзбекстан өкілі Ахрор Зиёдуллаевпен кездесті.

Жартылай финалда 0:10 есебімен жеңілді

Финал жолдамасы сарапқа салынған белдесуде Зиёдуллаев айқын басымдық танытып, 10:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Өзбекстан өкілі финалға өтсе, Әділет Ахметғали Азия ойындарындағы өнерін қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Ахметғали бұған дейін ширек финалда Қытай Тайбэйінің спортшысы Сун Хяо-чжунды жеңіп, жартылай финалға жолдама алған еді. Соның арқасында өзіне қола жүлдені қамтамасыз етті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?