Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте көтерілді

Жаңартылған рейтингке сәйкес, отандасымыз бір саты жоғарылап, үздік 20 теннисшінің қатарына енді. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте көтерілді
sportrbc.ru

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бір саты жоғарылап, 20-орынға көтерілді.

Қазақстанның тағы бір өкілі Александр Шевченко өз орнын сақтап, 109-сатыда қалды.

Үздік үштік өзгерген жоқ

ATP рейтингінің алғашқы үштігінде өзгеріс болмады.

Көш басында Италия өкілі Янник Синнер тұр. Екінші орында германиялық Александр Зверев, ал үшінші сатыда испаниялық Карлос Алькарас орналасты.

Франциялық Артур Фис екі сатыға көтеріліп, 9-орынға шықты.

Ал австралиялық Алекс де Минаур 9-орыннан 10-сатыға төмендеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?