Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Елена Рыбакина III дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды

Мемлекеттік награда теннисшінің спорттағы жетістіктері және Қазақстанда теннистің дамуы мен насихатталуына қосқан үлесі үшін табысталды. 

Елена Рыбакина III дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды
t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездесіп, оны III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Рыбакинаны US Open-2026 турниріндегі жеңісімен және WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады. 

"Сіздің жеңістеріңізден кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, секцияларға көптеп жазылады. Олар да чемпион болғысы келеді. Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз. Бұл – өте оң үрдіс. Өскелең ұрпақты спортқа баулу керек, өйткені бұл олардың келешегі үшін өте маңызды. Үш бірдей Үлкен дулыға турниріндегі жеңісіңіз теннис жылнамасына өшпестей болып жазылды. Мұнымен тоқтамай, алда әлі талай асуды бағындырасыз деп сенемін", – деді Мемлекет басшысы. 

Президент Елена Рыбакинаның адами қасиеттеріне айрықша тоқталды. 

"Сіз кортта да, жұртшылық ортасында да байыптылығыңызды байқатасыз. Ішкі мәдениетіңіз жоғары екенін үнемі айтып жүремін. Қазақстанды спортқа, әсіресе, тенниске қолдау көрсететін өркениетті әрі дамыған мемлекет ретінде таныту тұрғысынан мұның маңызы өте зор", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде, Елена Рыбакина Мемлекет басшысына өзін ұдайы қолдағаны, сондай-ақ Қазақстанда үлкен теннистің дамуына айрықша қамқорлық көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Бұл туралы не ойлайсыз?