Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Нурмагомедов пен Двалишвилиге қатысты жанжал: БАӘ-де ұсталғандар әлі босатылмаған

Абу-Дабидегі қақтығыстан кейін ұсталғандар шамамен 21 сағат өтсе де босатылмаған. Бұл туралы канадалық журналист Ариэль Хельвани мәлімдеді.

Нурмагомедов пен Двалишвилиге қатысты жанжал: БАӘ-де ұсталғандар әлі босатылмаған
bbc.co.uk

Хельвани қандай ақпарат таратты?

Журналист X әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқиғаға қатысы бар адамдардың әлі де БАӘ құқық қорғау органдарының бақылауында екенін жазған. Оның мәліметінше, ұсталғандардың арасында UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили мен оның серігі Саба Лазишвили бар. Хельвани ақпарат жариялаған сәтте олар ұсталғаннан бері шамамен 21 сағат өткен.

БАҚ дерегінше, жанжал 11 қарашада Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде болған. Қақтығысқа жеңіл салмақтағы PFL чемпионы, кәсіби мансабында жеңіліп көрмеген ресейлік Усман Нурмагомедов, оның командасының өкілдері және грузиялық файтер Мераб Двалишвили қатысқан.

Оқиға Real American Freestyle турнирі қарсаңында болып, жекпе-жек жанкүйерлері арасында қызу талқыға түсті.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

БАӘ құқық қорғау органдары қақтығыстың себептері мен оған қатысушылардың әрекетін анықтап жатыр. Ұсталғандардың қашан босатылатыны жөнінде берілген ақпаратта нақты мәлімет жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?