Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Алексей Чуркин Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Отандасымыз жұлқа көтеруде 173 келі, серпе көтеруде 205 келіні көтерді.  

Алексей Чуркин Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
NUR.KZ

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 378 келіні еңсерді. 

Отандасымыз жұлқа көтеруде 173 келі, серпе көтеруде 205 келіні көтерді.  

Алтын медаль КХДР өкілі Но Гван Рёльге бұйырды. Ол 379 келі (165-214) көтерді.

Қытайлық Чэнь Шуньнань 374 келімен үшінші орын алып, қола жүлде иеленді.

Қазақстанның 11-ші күмісі

Алексей Чуркиннің жүлдесі Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы 11-ші күміс медалі болды.

Ел қоржынында бұдан бөлек 9 алтын және 23 қола жүлде бар.

2026 жылғы Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?