Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден қола медаль жеңіп алды
Әртістік жүзуден ұлттық құрама Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.
Аралас командалар арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы 216,7961 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды. Алтын медальді қытайлық команда 299,2117 ұпаймен жеңіп алды. Жапония құрамасы 286,2688 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді.
Азия ойындарында Қазақстан намысын Наргиза Болатова, Виктор Друзин; Әйгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Жаклин Якимов қорғады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азиада-2026 додасында әртістік жүзуден қола медаль иеленді. Азиада-2026 додасы 4 қазанда аяқталады.
Бұл туралы не ойлайсыз?