Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Азиада-2026: Өзбекстан жалпы есепте Қазақстаннан жоғары тұр

Айти және Нагояда XX жазғы Азия ойындарының сегізінші жарыс күні аяқталды.

Азиада-2026: Өзбекстан жалпы есепте Қазақстаннан жоғары тұр
Спортты дамыту дирекциясы

Азиада-2026 медаль кестесі

Сегізінші жарыс күнінен кейін үздік бестік мынадай:

1. Қытай – 119 алтын, 48 күміс, 38 қола. Барлығы – 205 медаль.
2. Жапония – 37 алтын, 61 күміс, 58 қола. Барлығы – 156 медаль.
3. Оңтүстік Корея – 20 алтын, 23 күміс, 39 қола. Барлығы – 82 медаль.
4. Өзбекстан – 10 алтын, 17 күміс, 11 қола. Барлығы – 38 медаль.
5. Қазақстан – 9 алтын, 10 күміс, 21 қола. Барлығы – 40 медаль.

Орталық Азия елдерінің ішінде Тәжікстан 17-орында келеді: 2 алтын, 2 күміс және 1 қола. Қырғызстан 25-орында – 1 күміс пен 3 қола. Түрікменстан 30-орында, оның еншісінде 1 күміс медаль бар.

Қазақстан сегізінші күні қандай медальдар алды?

Қазақстан құрамасы 27 қыркүйекте бірнеше жүлде еншіледі. 

Ерлер арасындағы сапымен семсерлесудің командалық сынында Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай алтын медаль жеңіп алды. Жеңіл атлетикадан 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Нора Джеруто күміс жүлдеге ие болды. Ауыр атлетикадан 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аянат Жұмағали күміс медаль жеңіп алды. Ал әртістік жүзуден Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова қола жүлде місе тұтты. 

Тоқсанбаеваның "алтыны" әзірге есепке алынған жоқ

Азиада-2026 онлайн кестесінде Ясмина Тоқсанбаеваның спорттық жүрістен жеңіп алған алтын медалі әзірге ресми түрде есепке алынбаған. Бұған оның кроссовкасына қатысты берілген наразылық себеп болып отыр. Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы аяқ киім үлгісінің талаптарға сәйкестігін тексеруді жалғастыруда.

Егер бұл нәтиже ресми түрде бекітілсе, Қазақстанның алтын медаль саны 10-ға жетеді.

XX жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти аймағы мен Нагоя қаласында 19 қыркүйектен 4 қазанға дейін өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?