Алуа Балқыбекова медаль үшін айқаста жеңіске жетті
Енді Балқыбекова финал жолдамасы үшін күреседі.
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының жартылай финалына шықты.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол жарыс қожайыны Жапонияның өкілі Юна Нисинакамен кездесіп, төрешілер шешімімен қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.
Осы нәтиженің арқасында қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алып, Азия ойындарында кемінде қола медаль қамтамасыз етті.
Алғашқы жекпе-жегінде Үндістан өкілін жеңді
Екі дүркін әлем және Азия чемпионы Алуа Балқыбекова Азия ойындарын 1/8 финалдан бастаған.
Бұл кезеңде ол Үндістан спортшысы Сакшиді төрешілердің бөлек шешімімен жеңіп, ширек финалға өткен еді.
Бұл туралы не ойлайсыз?