Азиада-2026: Қазақстан медаль кестесінде нешінші орында?
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарының тоғызыншы жарыс күнінен кейін медаль есебінде бесінші орында тұр.
Қазақстан тоғызыншы күні бес медаль жеңіп алды
Осы күні ел қоржынына үш күміс пен екі қола түсті. Ауыр атлеттер Алексей Чуркин мен Нұрғиса Әділетұлы, сонымен бірге жеңіл атлет Аделина Земс күміс жүлдегер атанды. Кураш балуаны Әділет Ахметғали мен көркем жүзуден Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді.
Нәтижесінде Қазақстанның жалпы көрсеткіші 9 алтын, 13 күміс және 23 қолаға жетті. Барлығы — 45 медаль.
Медаль кестесіндегі үздік алтылық
- Қытай 132 53 45 230
- Жапония 41 68 63 172
- Оңтүстік Корея 21 26 44 91
- Өзбекстан 12 17 13 42
- Қазақстан 9 13 23 45
- Таиланд 9 8 12 29
Қазақстан жалпы медаль саны бойынша Өзбекстаннан алда болғанымен, алтын жүлде есебінде 9:12 көрсеткішімен қалып келеді. Таиландтың да тоғыз алтыны бар, бірақ Қазақстан күміс пен қола саны бойынша басым.
2026 жылғы Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.
Бұл туралы не ойлайсыз?