Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Нұрбек Оралбай Азия ойындарында өзбекстандық боксшыға есе жіберді

Қазақстандық боксшы Айти мен Нагоядағы Азия ойындарында жүлдеге таласты тоқтатты. 

Нұрбек Оралбай Азия ойындарында өзбекстандық боксшыға есе жіберді
Instagram/@boxingkazakhstan

Жекпе-жек қалай өтті?

Ол 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Турабек Хабибуллаевтан 2:3 есебімен жеңілді.

Бірінші раундта Хабибуллаев төрешілердің бірауыздан қолдауына ие болды. Екінші раундта Оралбай басым түсіп, бес төрешінің үшеуі оның пайдасына дауыс берді. Бірақ үш раундтың қорытындысы бойынша жеңіс өзбекстандық боксшыға бұйырды — 3:2.

Хабибуллаев жартылай финалға өтіп, кемінде қола медаль алады. Нұрбек Оралбай үшін Азия ойындары жүлдесіз аяқталды.

Қазақстаннан кімдер жартылай финалға шықты?

Бокс турнирінің жартылай финалында Қазақстан атынан Алуа Балқыбекова (51 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Наталья Богданова (75 кг) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) өнер көрсетеді. Олардың әрқайсысы кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Нұрбек Оралбай — Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Ал Турабек Хабибуллаев 2024 жылғы Азия және 2025 жылғы әлем чемпионаттарында топ жарған. Ол Ханчжоудағы өткен Азия ойындарында қола медаль иеленген. 

Бұл туралы не ойлайсыз?