Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Самат Смақовтың ұлы Қазақстан құрамасын жеңілістен құтқарды

Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы Youth Nations Cup халықаралық турниріндегі алғашқы кездесуін өткізді.

Самат Смақовтың ұлы Қазақстан құрамасын жеңілістен құтқарды
instagram/@alamgir_smakov

Аламгир Смақов есеп ашты

Словакияда өткен ойында Қазақстан U-19 құрамасы 35-минутта алға шықты. Голды ұлттық құраманың бұрынғы капитаны әрі белгілі қорғаушы Самат Смақовтың ұлы Аламгир Смақов соқты.

Кейін алаң иелері таразы басын теңестірді. Қалған уақытта командалар есепті өзгерте алмады. 

Швейцария мен Польшаға қарсы матчтар бар

Қазақстандық жасөспірімдер Youth Nations Cup турнирінде тағы екі кездесу өткізеді:

28 қыркүйек: Қазақстан – Швейцария;

1 қазан: Қазақстан – Польша.

Швейцарияға қарсы матч Қазақстан құрамасының турнирдегі екінші ойыны болмақ. Ал Польша құрамасымен кездесу жарыстың топтық кезеңіндегі соңғы бәсекеге айналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U19