Оңтүстік пен солтүстіктің және "қасқырлар" мен "көкшетаулықтардың" тартысы
Olimpbet сараптамасы: ҚПЛ-дегі "Ордабасы" – "Қызылжар" және "Қайсар" – "Оқжетпес" матчтары
Қазақстан. Премьер-лига. 24-тур. "Ордабасы" (Шымкент) – "Қызылжар" (Петропавл). 29 тамыз, 20:00 (Астана уақыты).
Қазақстан ұлттық чемпионатының 24-турының сенбілік бағдарламасындағы орталық кездесуде ҚПЛ картасындағы ең оңтүстік және ең солтүстік клубтар өзара сынға түседі.
Olimpbet сарапшылары "Ордабасыны" "Қызылжарға" қарсы матчтың айқын фавориті деп есептейді. Олардың пікірінше, петропавлдықтардың кем дегенде тең нәтижеге қол жеткізуінен гөрі, шымкенттіктердің екі доп айырмасымен жеңіске жету ықтималдығы жоғары.
Турнирлік жағдай
"Орда" – Премьер-лиганың жеке дара көшбасшысы және чемпиондық атаққа басты үміткер.
Солтүстік команда "Каспиймен" бірге турнир кестесінің тоғызыншы және оныншы орындарын бөлісіп тұр. Олар оңтүстік командадан 19 ұпайға қалып келеді.
Статистика
Шымкенттік клуб – чемпионаттағы ең нәтижелі команда. Оның еншісінде қазірдің өзінде 43 гол бар. Ал петропавлдықтарға гол соғу қиындау болып жүр – 24 доп.
Ал солтүстік команда оңтүстік клубқа қарағанда тура екі есе көп гол жіберген – 32 және 16. Осылайша, "Ордабасының" доп айырмасы оң көрсеткіште (+27), ал "Қызылжарда" теріс көрсеткіш (-8).
Өзара кездесулер тарихы
Қос команда өзара 48 кездесу өткізген. Жалпы статистикада оңтүстік клуб аз ғана басымдыққа ие: 20 жеңіс, 18 жеңіліс және 10 тең нәтиже.
"Орда" биылғы чемпионаттың бірінші айналымында, 25 сәуірде Петропавлда өткен матчта солтүстік команданы жеңген. Ал бұған дейін ҚПЛ аясында Шымкентте өткен "Ордабасы" мен "Қызылжар" арасындағы екі кездесу де тең аяқталған.
Қорытынды
Алайда қазір Olimpbet сарапшылары алаң иелерінің сәтті нәтижесіне іс жүзінде күмән келтірмейді. Олардың пікірінше, оңтүстік команданың жеңіске жету мүмкіндігі солтүстік клубпен салыстырғанда төрт еседен де жоғары.
Сонымен қатар Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтетін матчта гол саны аз болуы ықтимал.
"Қайсар" (Қызылорда) – "Оқжетпес" (Көкшетау). 30 тамыз, 20:00.
Шымкенттегі ойынмен қатар Қызылордада да матч өтеді. Жергілікті "Қайсар" көкшетаулық "Оқжетпесті" қабылдайды.
Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде айқын фаворит көріп отырған жоқ, тек қонақтарға аздап басымдық береді.
Турнирлік жағдай
Командалар маусым барысында әртүрлі міндетті шешіп жатыр. Қазақстан кубогында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жеткен "дала қасқырлары" ел чемпионатының жоғары дивизионында қалу үшін күресуде. Қазір "Қайсарды" ҚПЛ-ден түсіп қалу аймағынан небәрі бір ұпай бөліп тұр. Егер олар өз алаңында "көкшетаулықтардан" жеңілсе, қауіпті аймаққа түсіп қалуы әбден мүмкін.
Ал "Оқжетпес" еурокубок жолдамасына, тіпті жүлделі орындарға таласып жатыр. Қызылордадағы кездесуге дейін көкшетаулықтар "қасқырлардан" 16 ұпайға алда келеді.
Статистика
"Көкшетаулықтар" көбірек гол соққан – 32-ге 18. Бірақ "дала қасқырлары" азырақ гол жіберген – 27-ге 29. Осылайша, "Оқжетпестің" доп айырмасы әлдеқайда жақсы: тиісінше +3 және -9.
Өзара кездесулер тарихы
Жалпы жеке кездесулер статистикасында "Қайсар" көкшетаулықтардан сәттірек: 25 жеңіс, 16 жеңіліс, тағы 11 матчта жеңімпаз анықталмаған.
Алайда қызылордалықтар "көкшетаулықтарды" үш жылдан астам уақыт бойы жеңе алмай келеді. Осы аралықта олар екі рет жеңіліп, екі рет тең түскен.
Қорытынды
Olimpbet сарапшылары бұл матчта екі команда да гол соғады деп болжайды. Сонымен қатар "Қайсар Аренадағы" кездесу де нәтижелілігі төмен матч болуы ықтимал.
Ал олардың пікірінше, кездесудің ең ықтимал нәтижесі – "Оқжетпестің" бір доп айырмасымен жеңіске жетуі.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.