Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық жас боксшы әлем чемпионатында бірінші раундта жеңіске жетті

Ақжүрек Қалабай Будва қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алды. 

Қазақстандық жас боксшы әлем чемпионатында бірінші раундта жеңіске жетті
informsports.kz

Қытайлықты мерзімінен бұрын жеңді

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ақжүрек Қалабай әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. Ол 1/32 финал кезеңінде қытайлық Кун Ванмен қолғап түйістірді.

Кездесу ұзаққа созылған жоқ. Бірінші раундта қытайлық боксшының денесі тілініп, жарақат салдарынан айқасты жалғастыра алмады. Нәтижесінде жеңіс мерзімінен бұрын Ақжүрек Қалабайға берілді. Сөйтіп қазақстандық боксшы 1/16 финалға жолдама алды. 

Қазақстан үшінші жеңісін тіркеді

Айта кетейік, Будвадағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында әзірге Қазақстан атынан үш боксшы шаршы алаңға шығып, барлығы жеңіске жетті.

Бұған дейін 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Владислав Саможонов қарсыласын нокаутпен жеңіп, келесі айналымға өткен болатын.

Сондай-ақ 65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айсұлу Мұхит канадалық Мариан Тессьені төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U19