Шавкат Рахмоновтың салмағындағы сұмдық нокаут: Бакли есін жия алмай қалды
UFC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегінде канадалық файтер Майк Мэлотт пен америкалық аралас жекпе-жек шебері Хоакин Бакли кездескен болатын.
Канаданың Эдмонтон қаласында өткен UFC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы Майк Мэлотт пен Хоакин Бакли кездесті.
Айқас екінші раундта канадалық файтердің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды.
Мэлотт қарсыласын нокаутқа түсірді
Бірінші раунд тең дәрежеде өтті. Алайда екінші бес минуттықта Мэлотт шешуші сәтті тиімді пайдаланды.
Клинчтегі күрестен кейін канадалық спортшы Баклидің басына тіземен дәл соққы жасап, қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді. Америкалық файтер октагонға құлаған сәтте төреші жекпе-жекті бірден тоқтатты. Айқас екінші раундтың 2:32 минутында аяқталды.
Бұл жеңіс Майк Мэлотт үшін UFC-дегі қатарынан бесінші жеңіс болды.
Жекпе-жекке дейін канадалық файтер жартылай орта салмақ рейтингінде 13-орында, ал Хоакин Бакли 10-орында тұрған.
Бакли үшін бұл қатарынан үшінші жеңіліс болды.
Бұл дивизионда Шавкат Рахмонов та өнер көрсетеді
UFC-дің жартылай орта салмағында қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) та өнер көрсетеді.
Жеңіліссіз келе жатқан Рахмонов тізесінен алған жарақатына байланысты ұзақ уақыт октагонға шыққан жоқ.
Мэлоттың соңғы жеңісі жартылай орта салмақтағы рейтингтік жағдайға да әсер етуі мүмкін.