Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық боксшы ӘЧ-дағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Черногорияның Будва қаласында бокстан 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне жетті.

Қазақстандық боксшы ӘЧ-дағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады
Instagram/@boxingkazakhstan

Түрік қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Владислав Саможонов Қазақстан құрамасы сапынан әлем чемпионатында шаршы алаңға бірінші болып шықты. Ол 1/8 финалдық кезеңде түркиялық Хакан Дениз Коскунмен қолғап түйістірді.

Тартысты өткен кездесуде Саможонов басымдық танытып, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Сөйтіп отандасымыз жарыстың ширек финалына өтіп, жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды. 

Әлем чемпионатына 69 елдің өкілдері жиналды

World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионаты 16–27 қазан күндері Черногорияның Будва қаласында өтіп жатыр. Биылғы додаға 69 ұлттық федерация атынан 474 боксшы қатысып жатыр. Олардың 306-сы ерлер, ал 168-і әйелдер арасындағы бәсекеде бақ сынайды.

Қазақстандық боксшылар да әлемдік додада жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындар үшін күрес жүргізуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?