Сәкен Бибосынов ауруханадан мәлімдеме жасады
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов әлеуметтік желіде ауруханадан сурет жариялап, жазба қалдырды.
Боксшы жаттығу кезінде алған жарақатынан кейін ауруханада ем қабылдап жатыр.
"Өмірдегі әрбір сынақтың артында бір сабақ , әрбір нығметиің артында мың шүкір бар", – деп жазды боксшы.
Бибосынов 9 қазанда жаттығу кезінде омыртқасынан жарақат алған. Осыдан кейін боксшы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Ауыр жарақатына байланысты Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қазақстан чемпионатына қатыса алмайды.
Еске салсақ, биыл тамыз айының соңында Сәкен Бибосынов Астанада өткен IBA Nomad турниріндегі кәсіпқой жекпе-жек кезінде саусағын сындырып алған еді.
Бұл туралы не ойлайсыз?