Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Нокаут үшін "Гелендваген": Дусматовтың жекпе-жегіне ерекше сыйақы ұсынылмақ

IBA президенті Умар Кремлев екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың (7-0, 5 КО) алдағы жекпе-жектеріне қатысты жоспарын айтты.

Нокаут үшін "Гелендваген": Дусматовтың жекпе-жегіне ерекше сыйақы ұсынылмақ
fight.ru

Дусматов қашан рингке шығады?

Умар Кремлев Өзбекстан астанасында өтіп жатқан IBA Nomad 16 турнирінің баспасөз мәслихатында Хасанбой Дусматовтың алдағы жоспарлары туралы айтты. IBA басшысының сөзінше, екі дүркін Олимпиада чемпионы биылғы желтоқсанда кәсіпқой бокста кезекті кездесуін өткізуді жоспарлап отыр. Ал келесі жылдың алғашқы айларында оның қатысуымен Ташкентте титулдық жекпе-жек ұйымдастырылуы мүмкін.

"Қазір дайындық жүріп жатыр. Хасанбой желтоқсанда жекпе-жек өткізеді. Одан кейін келесі жылдың басында Өзбекстанда, Ташкентте оның чемпиондық атағын қорғау кездесуін ұйымдастырғымыз келеді. Сондай-ақ нокаут үшін "Гелендваген" автокөлігін жүлдеге тігуді де қарастырып жатырмыз", – деді Умар Кремлев.

Нокаут үшін қымбат көлік

IBA президентінің мәлімдемесіне қарағанда Дусматовтың алдағы титулдық кездесуі ерекше сыйақымен есте қалуы ықтимал. Атап айтқанда, жекпе-жекте нокаут тіркелген жағдайда Mercedes-Benz G-Class, яғни көпшілікке "Гелендваген" атауымен танымал автокөлік жүлдеге қойылуы мүмкін.

Дегенмен бұл бастама әзірге жоспар ретінде айтылды. Ұйымдастырушылар сыйлықтың нақты шарттарын жариялаған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада өткен IBA Nomad турнирінен кейін Умар Кремлев Өзбекстан боксының танымал өкілдері Хасанбой Дусматов пен Баходир Джалоловқа кәсіпқой рингте жекпе-жектер ұйымдастыруға уәде берген.

Өзбекстандық боксшы кәсіпқой рингтегі соңғы кездесуін 2025 жылдың 20 шілдесінде Қырғызстан астанасы Бішкекте өткізген. Сол жолы Дусматов филиппиндік нокаутшы Марк Антониомен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Қазір Хасанбой Дусматовтың кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 7 жеңіс, оның бесеуі нокаутпен. Ол әлі жеңіліп көрген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?