Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық "Кракен" Өзбекстанның "Арыстанын" жеңді

Аралас жекпе-жек шебері Тазабек Баянов Ташкенттегі IBA Nomad 16 турнирінде жеңіске жетті.

Қазақстандық "Кракен" Өзбекстанның "Арыстанын" жеңді
instagram/@nomadfighting

"Кракен" мен "Арыстан" арасындағы жекпе-жек

Жартылай орта салмақта өткен кездесуде қазақстандық Тазабек "Кракен" Баяновқа "Арыстан" лақап атымен белгілі Бобур Абдулазизов қарсылас атанды. Жекпе-жек ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша ұйымдастырылып, үш раундқа жоспарланды.

Тартысты кездесу белгіленген уақыттың соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді.

Осылайша Тазабек Баянов өзбекстандық қарсыласын ұпай санымен жеңіп, IBA Nomad 16 турниріндегі кездесуін сәтті аяқтады.

Баянов жеңістер санын арттырды

Бұл жекпе-жекке дейін Тазабек Баянов Nomad Fighting лигасында бір кездесу өткізіп, жеңіліссіз келе жатқан болатын. Оның еншісінде бір жеңіс бар еді.

Ал қарсыласы Бобур Абдулазизов бұған дейін бес рет шаршы алаңға шығып, үш жеңіс пен екі жеңіліс тіркеген.

Ташкенттегі кездесуден кейін екі файтердің көрсеткіші өзгерді.

Бұл туралы не ойлайсыз?