Рамазан Оразов "Елімайдан" кетуі мүмкін
Оразовтың "Елімаймен" қазіргі келісімшарты 2027 жылдың соңына дейін есептелген.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы әрі семейлік "Елімайдың" капитаны Рамазан Оразов мансабын басқа клубта жалғастыруы мүмкін.
ASnews.kz мәліметінше, 28 жастағы футболшыға Қазақстан Премьер-лигасының бірнеше клубы нақты қызығушылық танытып отыр.
Оразовтың "Елімаймен" қазіргі келісімшарты 2027 жылдың соңына дейін есептелген. Соған қарамастан, қазақстандық клубтар жартылай қорғаушыны қатарына қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Футболшының қазіргі трансферлік құны шамамен 600 мың еуроға бағаланады.
Биылғы көрсеткіші
Оразов осы маусымда барлық турнирде 21 матчқа қатысып:
- 4 гол соқты;
- 6 нәтижелі пас берді.
Осылайша, жартылай қорғаушының еншісінде маусым бойынша 10 нәтижелі әрекет бар.
Айта кетейік, Рамазан Оразов семейлік клубқа 2025 жылдың жазында қосылды. Ол "Елімайға" Данияның "Силькеборг" клубынан ауысты.
Бұған дейін жартылай қорғаушы Словенияның "Копер", Ресейдің "Чайка", Латвияның "Даугавпилс" командаларында, сондай-ақ Қазақстанда "Ақтөбе", "Тобыл", "Ақсу" және "Қайрат" сапында өнер көрсетті.
Қазақстан құрамасында 42 матч өткізді
Оразов ұлттық құрамада да тұрақты ойнап келеді.
Қазақстан құрамасы сапында ол 42 матч өткізіп, 2 гол және 2 нәтижелі пас тіркеді.