Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Бернли" жанкүйерлері клуб иесіне қарсы шықты

Дастан Сәтпаев өнер көрсететін "Бернли" клубының жанкүйерлері команда иесі әрі директорлар кеңесінің төрағасы Алан Пейстің жұмысына наразылық білдірді.

"Бернли" жанкүйерлері клуб иесіне қарсы шықты
Burnley Express

Жанкүйерлер талаптарын "Вулверхэмптонға" қарсы Чемпионшип кездесуінде (1:2) жеткізді. Әлеуметтік желілерде тараған видеода "Бернли" жанкүйерлерінің трибунада "Pace out" ("Пейс, кет!") деген жазуы бар баннерді жайғаны көрінеді.

Клуб жанкүйерлерінің наразылығына команданың чемпионаттағы нәтижелері себеп болған. "Бернли" Чемпионшипте 11 матч өткізгеннен кейін турнир кестесінде 21-орында тұр.

Маусым басталғалы бері команда небәрі бір рет жеңіске жеткен. "Бернлидің" пайдасына шешілген кездесу сырт алаңда "Уотфордпен" өтті. Чемпионшиптің тоғызыншы турындағы матч 4:0 есебімен аяқталды. 

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев "Бернли" сапында алты матчқа қатысқан. Әзірге ол нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?