Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Месси отбасылық демалыс үшін 10 миллион еуроға шығындалды

Аргентиналық футболшы жуырда су жаңа яхтаға тапсырыс берді. 

Месси отбасылық демалыс үшін 10 миллион еуроға шығындалды
snob.ru

Месси 10 млн еуро тұратын яхта сатып алды. Бір қызығы, аргентиналық футбол жұлдызымен бірге испаниялық теннисші Карлос Алькарас та дәл сондай үлгідегі яхтаға тапсырыс берген.

Екі спортшы да Польшаның Sunreef Yachts компаниясы шығаратын Ultima 88 моделін таңдаған. Яхтаның құны шамамен 8-10 млн еуро аралығында бағаланады.

Мессидің яхтасы БАӘ-де жасалып жатыр

Мессиге арналған кеме Біріккен Араб Әмірліктерінде құрастырылып жатыр.

Футболшы яхтаны отбасылық демалыс үшін пайдаланбақ. Ал өзі қолданбайтын кезеңде кеме жалға беріледі.

Ол Med Cat Yachts компаниясымен бірлескен MIM Ocean жобасының чартерлік флотына қосылады.

Ultima 88 қандай яхта?

Ultima 88 моделінің ұзындығы 28,4 метр, ені 9,3 метр.

Яхтада:

  • бес каюта;
  • кең басты жатын бөлме;
  • алдыңғы бөлігінде джакузи;
  • ашық палубалар;
  • кең флайбридж;
  • суға тікелей түсуге арналған демалыс аймағы;
  • жиналмалы бүйір террасалар;
  • гидроциклдерге арналған арнайы орын бар.

Кеме әрқайсысының қуаты 1000 ат күшіне тең екі қозғалтқышпен жабдықталады.

Алькарас та дәл осы модельді таңдады

Карлос Алькарас та Ultima 88 яхтасына тапсырыс берген. Алайда испаниялық теннисшіге арналған нұсқаның ішкі дизайны өзгеше болады. Онда төрт қонақ каютасы және жеке басты жатын бөлме қарастырылған.

Айта кетейік, компанияның танымал клиенттері қатарында Рафаэль Надаль, сондай-ақ "Формула-1" чемпиондары Нико Росберг пен Фернандо Алонсо бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?