Месси төрт минутта екі гол соғып, МЛС-те тағы да жарқырады
Аргентиналық футбол жұлдызының екі голы "Интер Майамидің" сырт алаңда "Атланта Юнайтедті" 3:1 есебімен жеңуіне көмектесті.
Төрт минут ішінде екі гол соқты
Солтүстік Американың басты футбол лигасы – МЛС-тің тұрақты чемпионатында "Атланта Юнайтед" пен "Интер Майами" кездесті. Тартысты өткен ойынның алғашқы голы бірінші таймның соңында тіркелді. Луис Суарестің нәтижелі пасын ұтымды пайдаланған Херман Бертераме есеп ашты.
Үзілістен кейін алаңда Лионель Месси жарқырады. Аргентиналық шабуылшы 56-минутта Бертераменің пасынан кейін қарсылас қақпасын дәл көздеді. Араға небәрі төрт минут салып, Месси тағы бір мәрте мергендік танытты. Бұл жолы оған Луис Суарес нәтижелі пас берді.
Алаң иелері 89-минутта есеп айырмасын қысқартты. Франсис Пико пенальтиді сәтті орындағанымен "Атланта Юнайтед" жеңілістен құтыла алмады.
"Интер Майами" турнирлік кестеде нешінші орында?
Бұл жеңістен кейін "Интер Майами" 30 кездесуде 55 ұпай жинап, МЛС Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде екінші орынға жайғасты. Ал "Атланта Юнайтед" дәл осынша матчтан кейін 30 ұпаймен 14-сатыда тұр.
Шығыс конференциясында көш бастап тұрған "Нэшвиллдің" еншісінде 67 ұпай бар.