Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Жағын сындырды. Эмилиано Мартинеске операция жасалды

"Эвертонға" қарсы матчта "Челси" қақпашысы ауыр жарақат алған болатын. 

Жағын сындырды. Эмилиано Мартинеске операция жасалды
ua.tribuna.com

Аргентина құрамасы мен "Челси" қақпашысы Эмилиано Мартинеске жақ сүйегінің сынуына байланысты шұғыл операция жасалды.

Футболшы ауруханаға түскеннен кейін алғаш рет жағдайы туралы айтып, хирургиялық ота сәтті аяқталғанын хабарлады.

"Барлық хабарламаларыңыз үшін рақмет. Операция сәтті өтті. Ең бастысы – біз жеңдік және қақпамызға гол жібермедік. Бірнеше аптадан кейін ораламыз", – деп жазды Мартинес.

Жарақатты "Эвертонға" қарсы матчта алды

Мартинес Англия Премьер-лигасының жетінші турында "Эвертонға" қарсы өткен матчта жарақат алды.

Кездесу 2:0 есебімен "Челсидің" пайдасына шешілді. Екінші таймда айып добынан жасалған пастан кейін Мартинес "Эвертон" қорғаушысы Джеррад Брэнтуэйтпен соқтығысып, алаңға құлады. Медициналық қызметкерлер қақпашыға шамамен он минут бойы көмек көрсетті. Артынша зембілмен алаңнан шығарылды. 

Кейін оның жақ сүйегі сынғаны анықталып, операция қажет екені белгілі болды. 

Айта кетейік, Мартинестің нақты қай уақытта алаңға оралатыны әзірге белгісіз. 

Бұл туралы не ойлайсыз?