Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Футбол матчы кезіндегі апат: Екі адам қаза тапты

Канзаста ойын үстінде алаңға көлігі шығып, жанкүйерлерді қағып өткен. 

Футбол матчы кезіндегі апат: Екі адам қаза тапты
Offside.kz

АҚШ-тың Канзас штатында футбол матчы кезінде  автокөлік алаңға шығып кетіп, қайғылы жағдай болды.

Reuters мәліметінше, Вичита қаласында болған оқиға салдарынан екі адам қаза тапқан. Олардың бірі – алты жастағы бала. Екіншісі - ересек адам. Он шақты азамат ауруханаға жеткізілді.

Тергеу жүріп жатыр

Оқиға сенбі, 17 қазанда жергілікті уақытпен сағат 15:30 шамасында Stryker Sports Complex спорт кешенінің аумағында болған. 

Куәгерлердің айтуынша, қара түсті пикап балалар ойнап жүрген алаңды кесіп өтіп, бірнеше адамды қағып кеткен. Көлік тек 100–200 метрден кейін тоқтаған. Вичито полициясының капитаны Аарон Мозестің мәлімдеуінше, оқиға кезінде көлікте кәмелетке толмаған екі бала болған. Олардың бірі қаза тапты. Ал пикап тізгіндеген адам қамауда. 

Қазір оқиғаның нақты себебі мен көліктің футбол алаңына қалай шығып кеткені нақтыланып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?