ҚПЛ-де қалған "Атырау" бас бапкер мәселесін шешті
47 жастағы Самат Смақов "Атырау" басшылығымен келісімшартын ұзарту жөнінде уағдаласты.
Жаңа маусымға дайындықты бастады
Смақов қазірдің өзінде келесі маусымға құрам жасақтау жұмысына кіріскен. Бапкер командаға қажетті футболшыларды тартумен айналысып жатыр.
Маман "Атыраудың" тізгінін 2026 жылдың тамызында ұстаған. Бұған дейін "Жетісу" мен "Елімай" клубтарында бас бапкер қызметін атқарды.
ҚПЛ-дегі орнын соңғы турда сақтап қалды
Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымындағы шешуші кездесуде "Атырау" сырт алаңда Жезқазғанның "Ұлытауын" 3:0 есебімен жеңді. Осы нәтиже атыраулықтарға жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Маусым қорытындысында Смақовтың шәкірттері 30 ұпай жинап, 13-орынға тұрақтады. Ал 27 ұпай еншілеген талдықорғандық "Жетісу" мен 25 ұпай алған қызылордалық "Қайсар" Премьер-лигадан шығып қалды.