Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Нұрхан Жұмағазының Rizin-дегі үшінші жекпе-жегі жарияланды

Rizin 55 турнирі аясындағы жекпе-жек жеңіл салмақта өтеді және үш раундқа жоспарланған.

Нұрхан Жұмағазының Rizin-дегі үшінші жекпе-жегі жарияланды
sports.kz

Қазақстандық ММА файтері Нұрхан Жұмағазы (11-1) жапониялық Rizin FF промоушенінде үшінші жекпе-жегін өткізбек.

Жұмағазының қарсыласы 34 жастағы оңтүстіккореялық Кёнг Пхё Ким (15-5) болады.

Жекпе-жек жеңіл салмақта өтеді және үш раундқа жоспарланған.

Rizin-дегі соңғы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Нұрхан Жұмағазы жапониялық промоушендегі алдыңғы кездесуін 12 сәуірде Rizin FF – Landmark Vol. 13 турнирінде өткізді. Сол айқаста қазақстандық файтер жапониялық Тенью Ёсимураны (5-4) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Rizin 55 турнирінің басты кездесуінде Макото Такахаси (23-5-1) пен Тони Ларами (13-3) жұдырықтасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?