Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Александр Бублик ATP рейтингінде төмен сырғыды

Белгілі болғандай, Александр Бублик жарақатына байланысты ол жыл соңына дейін өтетін турнирлерге қатыспайды.

Александр Бублик ATP рейтингінде төмен сырғыды
sportnews.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP жаңартылған рейтингінде бірден алты орынға төмендеді.

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы жариялаған жаңа тізімде қазақстандық спортшы 26-орынға тұрақтады.

Үш аптада 400 ұпай жоғалтты

Соңғы үш аптада Бублик рейтингтік қорынан 400 ұпай жоғалтты. Бұл кезең Алматыдағы ATP 250 турнирінің жартылай финалында жеңілгеннен кейін басталды.
Салдарынан қазақстандық теннисші ATP рейтингінде бірден алты саты төмен түсті.

Белгілі болғандай, Александр Бублик жарақат алған. Осыған байланысты ол жыл соңына дейін өтетін турнирлерге қатыспайды.

Зверев алғаш рет рейтинг көшін бастады

Жаңартылған ATP рейтингінде неміс теннисшісі Александр Зверев алғаш рет ресми түрде бірінші орынға көтерілді.

Италиялық Янник Синнер екінші сатыға түсті.

Ал испаниялық Карлос Алькарас үшінші орнын сақтап қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?