Қазақстандық үстел теннисші Венгриядағы турнирде қола жүлде жеңіп алды
13 жастағы спортшы U15 жас санатында өнер көрсетті.
Қазақстандық үстел теннисші Жәния Бекмұхамбетова Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender Szombathely халықаралық турнирінде жүлделі орынға ілікті.
13 жастағы спортшы U15 жас санатында өнер көрсетіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Қола жүлдеге дейін төрт елдің спортшыларын жеңді
Қазақстан үстел теннисі федерациясының мәліметінше, Жәния Бекмұхамбетова турнир барысында Венгрия, Молдова, Польша және Румыния өкілдерін жеңді.
Жартылай финалда ол Қатар спортшысына есе жіберіп, жарыстың қола жүлдегері атанды.
Бұл туралы не ойлайсыз?