Астанадағы әлем чемпионатының үздік құрамалары анықталды
Ұлттық құрама елордада өткен әлем біріншілігінде жалпыкомандалық есепте 15-орынға ие болды.
Астанада күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатыны қорытындыланды. Жалпыкомандалық есепте АҚШ құрамасы бірінші орынды иеленді.
Америкалық балуандар әлем біріншілігінде барлығы 15 медаль жеңіп алды.
АҚШ құрамасының қоржынында:
- 7 алтын;
- 2 күміс;
- 6 қола медаль бар.
Екінші орын Иран құрамасына бұйырды. Иран құрамасы да әлем чемпионатын 15 жүлдемен аяқтады.
- 6 алтын;
- 4 күміс;
- 5 қола.
Үшінші орынға Ресей құрамасы жайғасты. Ресейлік спортшылар Астанада 4 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Барлығы - 14 медаль.
Жапония мен Қытай үздік бестікке кірді
Турнир қорытындысы бойынша Жапония төртінші орын алды. Команда 3 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
Қытай құрамасы 3 алтын және 3 қола жүлдемен үздік бестікті түйіндеді.
Ал Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 15-орынға ие болды.