WBA рейтингі: Қазақстандық боксшылардың орны жарияланды
Санжар Тәшкенбай бір орынға төмендесе, Руслан Мадиев тоғызыншы орыннан 12-сатыға түсті.
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімде бірнеше қазақстандық боксшының орны өзгерді.
Кім қай орында?
Орта салмақта WBA Asia белбеуінің иегері Армат Арманұлы рейтингтегі 15-орнын сақтап қалды. Бұл дивизиондағы WBA әлем чемпионы – кубалық Эрисланди Лара.
Ал жартылай орта салмақта Руслан Мадиев тоғызыншы орыннан 12-сатыға түсті. Бұл салмақ дәрежесіндегі WBA чемпиондық белбеуі америкалық Теофимо Лопеске тиесілі.
Екінші жартылай жеңіл салмақта Евгений Павлов бұрынғысынша 11-орында тұр. Бұл дивизиондағы WBA Super чемпионы – ирландиялық Энтони Какейс.
Бірінші жеңіл салмақта WBA Asia чемпионы Санжар Тәшкенбай 14-орыннан 15-сатыға түсті. Аталған салмақта WBA әлем чемпионы атағын пуэрториколық Рене Сантьяго иеленіп отыр.