Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Асу Алмабаев UFC жекпе-жегі алдында қарсыласымен көз арбасты

Қазақстандық файтер мен жапониялық Кёдзи Хоригути Дохада UFC Fight Night 294 турнирі қарсаңында бетпе-бет келді.

Асу Алмабаев UFC жекпе-жегі алдында қарсыласымен көз арбасты
instagram.com/asu_zulfikar57/

Қазақстан мен Жапония өкілдерінің айқасы турнирдің негізгі бағдарламасына енген. UFC-дің аса жеңіл салмақ рейтингінде Алмабаев жетінші, ал Хоригути бесінші орында тұр. Олардың жекпе-жегі 21 қарашада ABHA Arena кешенінде өтеді.

Алмабаев соңғы айқасында америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта ауырту әдісімен жеңді. Хоригути маусым айында португалиялық Манел Капеден техникалық нокаутпен жеңілді.

Сонымен қатар Дияр Нұрғожай да америкалық Алик Лоренцпен бетпе-бет келді. Бұл қазақстандық файтердің әлемдегі ең беделді ММА лигасындағы бесінші айқасы болмақ. Ол UFC-дегі алдыңғы төрт жекпе-жегінің екеуінде жеңіп, екеуінде жеңілген.

Ал Лоренц UFC октагонына алғаш рет шығады. Америкалық файтер Contender Series турниріне қатысқаннан кейін ұйыммен келісімшартқа отырған.

Бұл туралы не ойлайсыз?