19 жастағы "Ордабасы" ойыншысы ҚПЛ-дегі ең қымбат футболшы атанды
Жасұлан Әмірдің нарықтық құны бірден 2 млн еуроға өскен.
"Ордабасы" клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмірдің трансферлік құны күрт қымбаттады. Соның арқасында Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат футболшылардың көшін бастады.
Transfermarkt порталының жаңа бағалауына сәйкес, 19 жастағы қазақстандық ойыншының нарықтық құны бірден 2 млн еуроға өскен. Бұған дейін Жасұлан Әмір 500 мың еуроға бағаланды. Қазір бағасы 2,5 млн еуро. Осылайша, жас футболшының нарықтық бағасы бір жаңартудың ішінде бес
ҚПЛ-дегі ең қымбат ойыншылар рейтингінде Жасұлан Әмір бірінші орынды "Астана" клубының босниялық жартылай қорғаушысы Иван Башичпен бөліседі. Башичтің де нарықтық құны 2,5 млн еуро.
Анарбеков пен Килама – келесі орында
Рейтингтің келесі сатыларында "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков пен "Ордабасы" қорғаушысы Ги-Марселен Килама орналасқан. Екі футболшының да трансферлік құны 1,2 млн еуро. Анарбековтің бағасы 400 мың еуроға, ал Киламаның құны 200 мың еуроға өсті.
Нарықтық құны 1 млн еуро болатын футболшылар:
- Мақсат Әбраев ("Астана")
- Давид Абанья ("Ордабасы")
- Жоржиньо ("Қайрат")
- Пабло Альварес ("Ақтөбе")
Ал 900 мың еуроға Эльхан Астанов, Артур Шушеначев, Даниэль Соса, Виталий Лисакович және Алекса Аманович бағаланған.
Жасұлан Әмірге шетелдік клубтар қызығушылық танытқан
Биылғы маусымда "Ордабасы" ойыншысына шетелдік клубтар да назар аударды. Бұған дейін футболшыға Калининградтың "Балтика", Бельгияның "Зюлте-Варегем" және Лиссабонның "Спортинг" клубтары қызығушылық танытқаны хабарланды.