Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық боксшы Филиппинде титул үшін таласады

Жекпе-жек  28 қарашада Манилада (Филиппин) өтеді. 

Қазақстандық боксшы Филиппинде титул үшін таласады
Vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Александр Ковригиннің (9-2, 7 KO) келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды. 

Отандасымыз 28 қарашада Манилада (Филиппин) рингке шығып, Танзания өкілі Рамадан Масуд Иддпен (9-2, 2 KO) кездеседі. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді.

Кездесудің басты жүлдесі – WBF International чемпионы атағы. Осылайша, Ковригин Филиппиндегі бокс кешінде халықаралық чемпиондық белбеуді жеңіп алуға мүмкіндік алады.

Ковригин бір жылға жуық үзілістен кейін оралады

Бұл Александр Ковригиннің 2025 жылдың желтоқсанынан бергі алғашқы жекпе-жегі болмақ. Соңғы рет ол Алматыда грузиялық Давид Нацвилишвилимен (4-8, 1 KO) кездесіп, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Ал Рамадан Масуд Идд рингке соңғы рет 25 шілдеде Найробиде шықты. Сол кездесуде танзаниялық боксшы кениялық Джаван Буйюдан (8-0, 5 KO) нокаутпен жеңілді.

Енді екі боксшы да 28 қарашада Манилада WBF International титулы үшін жұдырықтасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?