Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

16 жастағы қазақстандық баскетболшы "Дубай" клубына қабылданды

"Дубай" баскетбол клубы 2026/27 маусымынан бастап Еуролигада бақ сынап жүр.

16 жастағы қазақстандық баскетболшы "Дубай" клубына қабылданды
OzonAgency

Қазақстандық жас баскетболшы Нияз Сейсенбек мансабында маңызды қадам жасады. 16 жастағы спортшы Еуролигада өнер көрсететін "Дубай" клубымен екі жылдық келісімшартқа отырды. Бұл туралы Ozon Agency агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, қазақстандық баскетболшы Біріккен Араб Әмірліктері клубының жастар бағдарламасына қосылады.

Бұған дейін Ниязға АҚШ, Испания және Италия клубтарында бағын сынап көруге мүмкіндік жасалған. Нәтижесінде агенттік жас спортшы үшін "Дубаймен" келісімшартқа келуді оңтайлы шешім деп тапқан.

"Қазақстаннан Еуролига клубына небәрі 16 жасында! "Дубайдың" жастар бағдарламасы Adidas Next Generation Tournament, Адриатика лигасының жастар арасындағы жарыстары және басқа да беделді халықаралық турнирлерге қатысады", – делінген агенттік мәлімдемесінде.

"Дубай" – жаңа клуб

"Дубай" баскетбол клубы 2024 жылы құрылған. Команда алғашқы кезеңде Адриатика лигасында өнер көрсетіп, 2026/27 маусымынан бастап Еуролигада бақ сынап жүр.

Қазіргі таңда "Дубай" 11 турдан кейін жеті жеңіспен турнир кестесінде тоғызыншы орында келеді.

Енді 16 жастағы қазақстандық баскетболшы "Дубай" клубының жастар құрамасы сапында өнер көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?