Ерасыл Қажыбаев Загребте қолаға таласады
Дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Хорватиядағы Гран-при турнирінің қола жүлдесі үшін белдесуге жолдама алды.
Загребте дзюдодан Гран-при додасының соңғы жарыс күні басталды.
100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ерасыл Қажыбаев жұбаныш белдесуінде хорватиялық Микита Свиридпен кездесті. Қазақстандық балуан қарсыласын иппонмен жеңіп, қола медаль үшін күресу мүмкіндігіне ие болды.
Енді Қажыбаев турнирдің кіші финалында татамиге шығады. Осы белдесуде жеңіске жетсе, Загреб Гран-приінің қола жүлдегері атанады.
Бұл туралы не ойлайсыз?